17 ақпан 2022 | 11:24

Алматыда 149 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды заңсыз дайындаған есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда психотроптық заттарды заңсыз дайындаған есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, заңсыз іске қатысқан жергілікті тұрғын ұсталған.

"Заңсыз айналымнан шамамен 9 келі мефедрон және α-PVP психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 миллион теңгеге бағаланып отыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тағы бір зерттеу барысында Алматыдан еліміздің батыс өңірлеріне жеткізуге арналған 500-ден астам экстази таблеткасы жасырылған сәлемдеме анықталған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жерінен қосымша 200 грамм а-PVP психотроптық заты алынды" - делінген хабарламада.

Соталды тергеу материалдары ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная