30 қазан 2020 | 15:04

Алматыда 3 адамды өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

Фото: news.myseldon.com

Алматыда 3 адам өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 3 адам өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаменті Тергеу басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің басшысы Толғанай Ержанова жантүршігерлік қылмыстың қалай болғанын айтты.

Реклама
Реклама

"З. Палтуев кешке апасының жер үйде тұратын танысы, 1986 жылы туған әйелге қонаққа келген. Кейін олар үй иелерімен бірге ішімдік ішкен. Осы уақытта үйдің басқа бөлмесінде 1950 жылы туған ер адам ұйықтап жатқан. Ішімдік ішкен З. Палтуев өзінің танысымен жанжалдасып, үстелден ас үй пышағын алып, әйелді өлтіремін деп қорқытқан. Жанжалға басқа бөлмеде ұйықтап жатқан ер адам араласқан. Алайда оның Палтуевті тоқтатамын деген әрекетінен нәтиже шықпаған. Палтуев алдымен ер адамға бөтелкенің сынығымен көптеген жарақат салған. Кейін апалы-сіңлілі екі әйелді жарақаттаған. Салдарынан екі әйел көз жұмған", - деді ол.

Күдікті қылмыс ізін жасыру мақсатында үйді өртеп, оқиға болған жерден қашып кеткен. Ауыр жараланған ер адамды өрттен көршілері алып шыққан. Оған медициналық көмек көрсетілген, ер адам өлімнен аман қалған.

"Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, іздеуде жүрген Палтуев Бөкейханов көшесінде аса қатыгездікпен ауыр қылмыс жасаған. Ішімдікке тойып алған Палтуев көшеде кетіп бара жатқан жас қызды байқаған. Қаскөй қызды аңдып, жылу трассасына жеткен кезде оған шабуыл жасап, зорлаған. Кейін оны өлтірген. Жедел-іздестіру шарасы барысында Палтуев қылмыс жасалған күні ұсталған", - дейді Ержанова.

Соттың үкімімен қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Алматы қаласы сотының үкімімен Палтуев бірнеше адамды өлтіргені, адам өлтіруге оқталғаны, адам зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті, қарақшылық шабуылын жасағаны, бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді Толғанай Ержанова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная