16 мамыр 2022 | 08:51

Алматыда 30-дан аса зейнеткерді тонаған ер адам ұсталды

Фото © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда жедел іздестіру шаралары барысында 30-дан аса зейнеткерді тонаған 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жедел іздестіру шаралары барысында 30-дан аса зейнеткерді тонаған 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1984 жылы туған ер адам қаланың Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында қылмыс жасаған.

Қылмыскер тек зейнет жасындағы адамдарды тонаған - қоғамдық орындарда, атап айтқанда, базарларда, тұрғын үйлердің аулаларында. Ауыр сөмкелер мен үлкен пакеттер көтеріп келе жатқан егде жастағы адамдарды бақылап, әдепті адам сияқты әсер қалдырған ол әжелермен әңгімеге кірісіп, сөмкелерді пәтерге жеткізуге көмектесуді ұсынады.

Реклама
Реклама

Қарт адамдар келіседі, кейін ақша, әмиян немесе ұялы телефоны ұрланғанын анықтайды. "Көмек" көрсету кезінде қылмыскер ол жерден барлық құнды затты байқатпай ұрлап отырған.

Белгілі болғандай, ұсталған ер адам бұрын да қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная