26 қараша 2021 | 08:57

Алматыда 44 жастағы шетелдік әйел ер адамдарды тонап кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© polisia.kz

Алматыда ер адамдарды тонаған Өзбекстанның 44 жастағы азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ер адамдарды тонаған Өзбекстанның 44 жастағы азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік келіншек ер адамдармен танысып, олардың сеніміне кіріп, өзін "жәбірленуші" ретінде көрсетіп, бірнеше күннен кейін телефонын, ақшасын және басқа да құнды заттарын алып кеткені анықталды.

"Қазір күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта осыған ұқсас екі әрекет анықталды", - деді Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

Осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса полицейлер мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 227-55-02; 8-747-482-22-83.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная