16 наурыз 2014 17:14

Алматыда 5 келі есірткімен жүкті әйел ұсталды

сурет ©Tengrinews.kz

Алматыда City Plus сауда орталығының жанынан 5 келі героині бар Қырғызстан азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғыз азаматшасы жүктіліктің соңғы мерзімінде және өзінің жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты жоқ. Қазақстанның аумағына шекарадан заңсыз өткендігі анықталған. Қазіргі таңда ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің полицейлері Қырғызстандағы әріптестерімен бірлесе жұмыс жасап, бұл әйелдің көрші елдегі қылмыстық топтармен байланысы бар-жоғын анықтауда.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram