Алматыда 8 жыл халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Көрнекі сурет © pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 8 жыл халықаралық іздеуде болған адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 8 жыл халықаралық іздеуде болған адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыскер - 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны. Ол 26 ақпанда Алматы қаласында ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын қасақана келтіргені үшін (1997 жылы өзгертілген ҚК 103 бабының 3 бөлігі) шамамен 8 жыл халықаралық іздеуде болған. 

Реклама
Реклама

Бүгінде қылмыскер Алматы қаласының Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 2019 жылдың шілдесінде Қарағанды облысының прокуратурасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке адамды іздестіру қайта тапсырылған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама