ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2022 | 17:49
Алматыда A-parking директоры қамауға алынды
Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынған.
"Тергеу сотының үкімі бойынша, соталды тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - деді Алматы қалалық соты өкілдері.
Мұхтар Базарбаев қандай күдікке ілінгені айтылмаған.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаевқа тиесілі RR2 компаниясы Alan Parking компаниясының 30 пайыз акциясын сатып алған болатын. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также