14 мамыр 2021 | 10:22

Алматыда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген қырғызстандық ұсталды

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінен

Алматыда полицейлер Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Күдіктіні экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицейлер Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Күдіктіні экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, күдікті шамамен 32 жаста. Ол Қырғызстан ІІМ-нен Алматыда жасырынып жүрген.

"Күдікті Алматы қаласы аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат келді. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.

Реклама
Реклама

АКИpress мәліметіне сүйенсек, Бішкектегі "Құдайберген" базары маңында болған адам өліміне қатысы бар күдікті ұсталған. 3 сәуірде Артур Богдановты шамамен түстен кейінгі уақытта өлтіріп кеткен. Сол күні оған үш досы жұмысқа барады, онда 32 жастағы туысы Николай Алексеев те болған. Олардың арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Алексеев оған пышақ жарақатын салған. Богданов сол жерде қайтыс болады.

Алексеев оқиға орнынан қашып, Алматыда жасырынған. Қырғызстанда оған іздеу жарияланады. Күдікті Алматы қаласында ұсталды. Бішкек ІІББ және Алматы полиция департаменті қызметкерлері Алексеевтің қайда жасырынғанын анықтаған.

Сурет: АКИpress 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная