ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2019 | 13:47
Алматыда адвокат 315 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды
Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура бірнеше қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қылмыстық топтарды ұстады.
Аталған тұлғалар алдау жолымен Бас прокуратураның "Bank RBK" АҚ және "Казкоммерцбанк" АҚ-да ұрлық туралы қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлар қызметі тартқан куәгерлер мен күдіктілерден олардан қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы үшін қаражат бопсалаған.
16 ақпанда 315 мың АҚШ долларын алғаны үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлімбетов пен азаматша Аманғалиева ұсталды.
Осыған дейін биыл қаңтарда талап етілетін 1 миллион АҚШ долларының 500 мың АҚШ долларын алу кезінде Алматы қаласы бойынша МКД ӘӘК қызметкері Ысқақов, жұмыссыз Әлпиев пен Сулейманов қамауға алынғаны хабарланған еді.
Олар өз кінәсін мойындайды. Олар мұндай жолға баруға байығысы келгендіктен барғанын айтқан.
"Бас прокуратура, егер Сізден прокуратура органдары тергейтін істер бойынша ақша қаражатын талап етсе, сіз Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің 8(7172)71-22-55, +7-701-770-88-99 телефондары арқылы хабарласа аласыздар және құпиялыққа кепілдік береді", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также