Алматыда әжейді қағып, аулаға түсіріп кеткен жүргізуші ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда полицейлер аулада қарт әйелді қағып, қашып кеткен жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда полицейлер аулада қарт әйелді қағып, қашып кеткен жүргізушіні тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы ПД ЖПҚ іздестіру бөлімінің қызметкерлері жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен, сондай-ақ ЖКО орнынан кетіп қалған жүргізушіні тапты. Ол жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады. Бұл факт оқиға болған күні, 16 қарашада тіркелді", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше,  жол апаты сағат 17.00-18.00 аралығында Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Әжейдің туыстарының айтуынша, дәрігерлер жәбірленушінің басы көгергенін, аяғы, жамбасы және қабырғалары сынғанын тіркеген. Жүргізуші әжейді қағып, көлігіне отырғызып, кейін аулалардың бірінен түсіріп кеткен.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама