ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2022 | 09:41
Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін "Гелендваген" жүргізушісі жазаланды
Алматыда полиция қызметкерлері "Гелендваген" жүргізушісін анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Ол қала көшелерінің біріндегі белгіні кесіп өтіп, қарсы жолақпен жүрген. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде таралған кадрларда қара "Гелендвагеннің" қарсы жолақтан тез өтіп бара жатқанын көруге болады. Тәртіп бұзушыны Сәтбаев көшесі маңындағы Жароков көшесіндегі көліктердің бірінің бақылау камерасы түсіріп алған.
Жол ережесін бұзған жүргізуші тез арада анықталып, ол 1982 жылы туған М. болып шыққан.
Ер адам ҚРК 596-бабы, 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды. Осы бап бойынша алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также