1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Lexus жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көлік тізгіндеген әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© instagram/kris_p_press

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көлік тізгіндеген әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі аптада жүргізушілердің бірі түсірген видео Instagram-да тарады. Видеода ер адам жолда өткізбей тұрған Lexus көлігін тізгіндеген әйелге шағымданады. 

"Ол "мен - полиция қызметкерімін" дейді. Міне, осындай адамдар да болады. Кедергі оң жақта, бірақ ол жібергісі келмейді", - делінген видеода.

"Мені де түсіріп алды. Егер көліктегі қыз полиция қызметкері болса, оның логикасы бойынша, қозғалыс ережелеріне мән бермей, барлық жерде жол беру керек пе?", - делінген видеодағы жазбада.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында видео жарияланғаннан кейін полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтағанын жазды. Ол 1980 жылы туған әйел болып шықты.

"Азаматша Т. ӘҚБтК туралы ҚР 614-бабы 1-бөлігінде көзделген ("Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау") бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп жазды Әбдірахманов.

Ол құқық қорғау органдарының қызметкері ме деген сұрақты Алматы ПД бастығының орынбасары нақтыламады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!