17 ақпан 2022 | 10:53

Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Қаржы мониторингі агенттігі психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас есепшісі мен қызметкеріне қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы мониторингі агенттігі психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас есепшісі мен қызметкеріне қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"QAMQOR жедел алдын алу шарасы аясында Алматы қаласы білім басқармасының "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды", - делінген хабарламада.

Тергеу мекеме қызметкерлеріне психоневрологиялық аурулары бар адамдарды ұстауға және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағып отыр. Ұрланған қаражат толық көлемде өтелді. Сот оларды екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жазаға тартты.

Реклама
Реклама

2021 жылы Алматыда QAMQOR жедел алдын алу шарасы аясында бес қылмыс тіркеліп, барлық іс өндіріспен аяқталды. Жалпы белгіленген шығын 32 миллион теңгеден асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная