ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2022 | 08:49
Алматыда алма ағашын отау дерегі анықталды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 5а мекенжайы бойынша алма бақтарын кесуге қатысты ақпарат анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция басқармасымен, сондай-ақ мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жедел түрде оқиға орнына барған.
"Тексеруге барған кезде 21 алма ағашы кесілгені расталды. Осы оқиғаға қатысты тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін Полиция департаментіне хат жолданды", - делінген хабарламада.
Медеу аудандық анықтау бөлімі ҚР ҚК 340-бабы бойынша "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қозғалған іс бойынша кінәсін толық мойындаған кезде табиғатты қорғау қағидалары бойынша 1050 ағаш көлемінде отырғызу көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также