21 қазан 2015 20:31

Алматыда арақ ішіп, сәбиді басып өлтірген жүргізуші әйелдер сотталды

Алматыда төрт айлық сәбиді көлікпен басып өлтірген Айгүл Есембаева мен Заира Серікбаеваға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Серікбаева ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы" бабы бойынша айыпты деп танылып, қоныс колониясына үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Есембаева ҚР Қылмыстық кодексінің "Жүргізу құқығы жоқ адамдарға көлік құралдарын жүргізуге беру" бабы бойынша айыпты деп танылды, ол қоныс колониясына 2 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram