ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2020 | 15:40
Алматыда ауданның экс-әкімі миллиондаған ақша жымқырғаны үшін сотталды
Алматыда Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары Саят Ағыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары Саят Ағыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соттың үкімімен Рыспаев айыпты деп танылып, 40 406 250 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
"Шахмерден Рыспаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша айыпты деп танылып, ұрланған мүлік үшін 41 628 570 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-бөлігіне сәйкес, 17.01.2020-06.05.2020 аралығында қамауда болғанын ескере отырып, 40 406 250 теңге айыппұл салу міндеттелді. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру туралы шешім қабылданды", - делінген үкімде.
Экс-әкімнің бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Саят Ағыбаев ҚР Қылмыстық 366-бабы, 369-бабының 1-бөлігі, 189-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес 2 500 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, ҚР Қылмыстық кодексінің 369-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жылға, 189-баптың 3-бөлігі 1,2 тармақтары бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген соттың үкімінде.
Ағыбаев та өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также