11 шілде 2023 15:44

Алматыда әуежайды басып алу ісі бойынша үкім жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда қаңтар оқиғасында Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталушыларға үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қаңтар оқиғасында Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталушыларға үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушылар тарапында төрт ер адам мен бір әйел болды.

Реклама
Реклама

Әйгерім Тілеужанова ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, орташа режимдегі колонияда өтейтін болды. Әйел сот залында қамауға алынды.

Сотталушылар Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилебаев және Жанайдар Кәрменов барлық айыптау бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.

Бұған дейін прокурор қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сондай-ақ, сотталушылардың кейбіріне ҚР ҚК-ның 269-бап "Ғимараттарға, құрылыстарға, байланыс және коммуникация құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу", 200 бап - "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" және 191-бабы ("Тонау") бойынша айып тағылған болатын.

Прокурордың сот талқылауы барысында айтуы бойынша, қаңтар оқиғасы күндері айыпталушылар әуежай мен "Қазаэронавигация" жұмысын бұзып, "апатты зардаптарға" әкелуі мүмкін, сондай-ақ апат пен ұшақ апаттары қаупін тудырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram