ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше | 09:19
Алматыда ауладан әйел өлі табылды: анасы жантүршігерлік жайтты айтты
Алматы іргесінде денесі сөмкеден табылған әйелдің өлімі туралы мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап. Қайтыс болған әйелдің анасы 39 жастағы қызын азаптап, айуандықпен өлтіргенін айтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы іргесінде денесі сөмкеден табылған әйелдің өлімі туралы мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап. Қайтыс болған әйелдің анасы 39 жастағы қызын азаптап, айуандықпен өлтіргенін айтады.
Айта кетейік, мәйіт табылғаннан кейін екі күн өткен соң, күдікті ұсталды. Қайтыс болған әйелдің анасының айтуынша, күдікті қызымен бірге жалға алған пәтерге барған. Алайда ер адам пәтерден үш күннен кейін ғана шыққан, содан кейін қолында үлкен пакетпен қайта оралған, оған мәйітті салған болуы мүмкін екені айтылды. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.
"Меніңше, бұл қылмысты бір адам жасамаған. Оның бетінде сау жер қалмаған. Алғашында оны тіпті танымай қалдым. Көзін ағызып, тістерін сындырған. Күдікті ішімдік ішіп, демалуға барғанын айтады. Сосын қызым жуынуға кіріп, құлап қалған-мыс. Ал ол қорқып, денесін лақтырып жіберген. Бірақ неге онда оның сау-тамтығы қалмаған?" – деп қайтыс болған әйелдің анасы Жанна Тұрсынбаева мәлімдеді.
Әйелдің айтуынша, қызының өліміне үйді жалға беруші иесі де қатысты бар болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, желтоқсанның басында Алматыдағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Алматы полициясы бұл факт бойынша Түрксіб аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также