17 желтоқсан 2020 | 14:03

Алматыда автокөлікті тапсырыспен өртегендер ұсталды

© polisia.kz

Алматылық полицейлер көлікті тапсырыспен өртегендерді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық полицейлер көлікті тапсырыспен өртегендерді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz

Портал мәліметінше, көлік 1952 жылы туған К. есімді ер адамға тиесілі. Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған. Көлік өртенген кезде зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді.

Реклама
Реклама

"Жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Ол - 1983 жылы туған Ш. ер адам. Ол жасаған әрекеті үшін оған 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. ер адамның тапсырысын орындағанын мойындады. Өртке тапсырыс берушісі ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке дұшпандық қатынастар аясында бірнеше рет жанжал болған, бұл қылмысқа түрткі болды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Абдрахмановтың айтуынша, екі күдікті де ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная