03 қыркүйек 2021 | 15:55

Алматыда аяусыз соққыға жығылып, тоналған зейнеткер қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған фото

Алматыда қарт ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен күдікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қарт ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен күдікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Qumash Telegram-арнасы Алматыда болған қылмыс туралы жазба жариялады. Онда әйел 13 жыл бірге тұрған бұрынғы зейнеткер күйеуін немере ағасымен тонағаны жазылған. Ер адам таңертең ес-түссіз жатқан жерінен табылды.

"Ақшасын жинаған ер адам оны жұмсап үлгерместен қайтыс болды. 65 жастағы зейнеткер бір-екі күн комада жатып, қайтыс болды. Бұл туралы немересі айтты", - деп жазды Qumash Telegram-арнасы.

Реклама
Реклама

Арна авторларының айтуынша, қарақшылар ұсталып, олардан 500 мың теңге тәркіленген, бірақ әйел бұл іске тек куәгер ретінде ғана қатысып көп ұзамай босатылған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 30 тамызда Алатау аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі "Денеге қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Полиция мәліметінше, 1983 жылы туған кр адам ізін суытпай ұсталған. Ол кінәсін мойындаған. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2 қыркүйекте жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін іс 106-баптың 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаған денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша қайта сараланды.

Полиция әйел де бұл іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная