Алматыда әйелді қорғауға тырысқан зейнеткерді белгісіз біреу пышақтап кеткен

Алматыда әйелді қорғауға тырысқан зейнеткерді белгісіз біреу пышақтап кеткен Фото:depositphotos.com

Алматы полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, Қарасу ықшамауданында әйелді қорғауға тырысқан егде жастағы ер адамды белгісіз біреу пышақтап, әмиянын алып кеткен.

"Бірнеше күн бойы жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан жәбірленуші түсінік бере алмады. Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама