02 қазан 2023 | 12:25

Алматыда әйелдің басын кесіп алу оқиғасы: сотталушының үкімге реакциясы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алды деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алды деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді алқабилер соты шығарды. Ер адам әйелді өлтіріп, кейін басын кесіп алғаны үшін кінәлі деп танылды. Әйелдің басы Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарындағы дүкеннен табылған, ал Шолохов көшесіндегі саябақта әйелдің денесі табылды. Биыл сәуірде болған бұл қатыгез қылмыс бүкіл қаланы дүр сілкіндірді.

Реклама
Реклама

Ер адамға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім жарияланғаннан кейін Tengrinews.kz тілшісі күдіктімен сөйлесіп үлгерді, ол үкімге келіспейді. Ол әйелді өлтірмегенін және үкімге шағымданатынын айтты.

"Міндетті түрде. Оларда ешқандай факт не куәгерлер айғағы жоқ. Оларда кісі өлтіру құрал, ештеңе жоқ. Менде барлық дерек бар. Президент кеңсесі мен халықаралық адам құқықтары комитетін тартуды сұраймын", - деп айқайлады ер адам.

Сот мәліметінше, тергеу органы оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша, яғни ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деген айып тағып отыр.

"Сот не белгіледі: сотталушы И. қиын отбасылық және өмірлік жағдайда, одан әрі қарым-қатынаста болғысы келмейтін азаматтық некедегі жұбайына материалдық тәуелді бола отырып, қоғамда қорқынышты қылмыстық жағдай жасау үшін кісі өлтіруді ұйғарған. Осыдан кейін наурызда қасақана кісі өлтіруді алдын ала жоспарлап, жәбірленуші А.-ны наубайханада жұмысқа орналастырамын деп қала саябақтарының бірінде кездесуге шақырған. Одан кейін И. ерекше қатыгездікпен жәбірленушінің басын кесіп алған. Сосын қоғамда резонанс тудыру үшін жәбірленуші А.-ның басын шұжық және ірімшік сататын дүкендердің біріне апарып, тастап кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, сот мәліметінше, "сотталушы өз кінәсін толық мойындаған және жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтқан".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная