16 ақпан 2021 | 14:29

Алматыда "Айка-мажор" тағы ұсталды

Фото: newsmir.info

Алматыда "Айка-мажор" лақапатымен танымал әйел тағы пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Айка-мажор" лақапатымен танымал әйел тағы пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

32 жастағы әйел бірнеше рет бұзақылық, зорлық-зомбылық жасады және қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікке ілінген.

"Айка-мажор" департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айып тағылған азамат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2020 жылғы қыркүйекте Алматыдағы нысандардың бірінде қызға бірнеше пышақ жарақатын салғаны туралы хабар тараған еді. Жәбірленуші бұл оқиғаны әлеуметтік желіде жариялады. Ол құқықбұзушы "Айка-мажор" екенін айтты. Сол кезде полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная