14 маусым 2021 | 17:07

Алматыда бақылау камерасына түсіп қалған ұрылар ұсталды

Камила Долаева Журналист
© polisia.kz

Алматыда үй тонаумен айналысқан екі ер адам ұсталды. Олар бұған дейін жеке үйде орнатылған бақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда үй тонаумен айналысқан екі ер адам ұсталды. Олар бұған дейін жеке үйде орнатылған бақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желіде жарияланған видеода екі ер адамның "Нұр Алатау" шағынауданындағы жеке үйдің аумағына заңсыз кірген сәті түсірілген.

Реклама
Реклама

"Қылмыс түн ішінде болған. Жеке үйдің ауласына кіріп, қаскөйлер Hyundai автокөлігінің есігін ашты және сол жерден үй иесінің жеке мүлкін ұрлады. Әйел материалдық шығынды 200 мың теңгеге бағалады. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген.

Күдіктілер бірден анықталды. Бұл - 1998 жылы туған В. есімді ер адам, Алматы облысының тұрғыны және 1998 жылғы алматылық, Б. есімді ер адам. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас үш адамның мүлкін ұрлауға қатысты екен дәлелденді. Барлық эпизодта қаскөйлер қоршау арқылы әрекет еткені назар аудартады", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық ПБ-ның бастығы Қуатбек Науатов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная