19 желтоқсан 2019 09:04

Алматыда басшы мен есепші 6 миллион теңге пара алмақ болған: Оқиғаның мән-жайы

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен бас есепшісі парамен ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен бас есепшісі парамен ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оларға аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Күдіктілер қазір тергеу абақтысында жатыр.

Реклама
Реклама

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен бас есепшісі бір кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, одан сыйақы ретінде 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алмақ болған делінеді. Осылайша мекеме басшысы кәсіпкермен Жамбыл облысында зілтеміршілердің оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасауды жоспарлапты. Алайда олардың қылмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері әшкере етті.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram