Алматыда бетперде киген үш адам үй иелерін байлап, бағалы бұйымдарын ұрлап кеткен: видео

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда бетперде киген үш адам үй иелерін байлап, бағалы бұйымдарын ұрлап кеткен: видео видео кадры

Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 12 қыркүйекте болған. Күдіктілер маска тағып, Алматының Медеу ауданындағы жеке үйлердің біріне кіріп, қару қолдану арқылы зергерлік бұйымдарды, сәнді сағаттар мен ақшаны ұрлап кеткен. Шығын 500 миллион теңге болады.

"Осыдан кейін олар жәбірленушілерді байлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жарнама
Жарнама

Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және былтыр Алматыда жасалған екі ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама