08 маусым 2021 | 15:42

Алматыда блогер аяусыз соққыға жығылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Валерий Кудрявцев/facebook.com

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер оқиғаны Facebook-парақшасында жариялады.

"Біз тәртіп болмайынша қалыпты өмір сүре алмаймыз. Мені соққыға жығып, тонап кетті.... Тура театрдың алдында!" - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

 Фото: Facebook

ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйенек, факт ҚР ҚК-ның 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелген.

"Іс Алмалы аудандық ПБ тергеуінде. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір шабуыл жасағандардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, бейнебақылау камераларынан алынған мәліметті жедел уәкілдер мұқият зерттеп жатыр", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен әлеуметтік видеолар түсіреді. Мысалы, сәуірде блогерлер Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жеке зерттеу жүргізген. Олар ғимараттың әр қабатындағы бөлмелерге кіріп, ведомство қызметкерлерін камераға түсіріп, түрлі заңсыздықты тіркеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная