ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2021 | 17:19
Алматыда бірнеше кеңсе, кафе және сұлулық салонын тонаған әккі ұры ұсталды
Алматыда кеңселерді, дәмханалар мен сұлулық салондарын тонаған әккі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда кеңселерді, дәмханалар мен сұлулық салондарын тонаған әккі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметі бойынша, ұры - бұрын сотталған 56 жастағы қала тұрғыны.
"Ер адам 15 ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Қаскүнем көбіне кеңселерді, кафе, дүкен және сұлулық салондарын тонаған. Ол ғимаратқа түнгі уақытта есік немесе терезе арқылы кірген және қолына іліккен заттың бәрін ұрлаған: телефон, планшет, ноутбук. Ол соңғы рет Төле би даңғылындағы кеңселердің бірін тонап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның бірқатар басқа да қылмысқа қатысы бары анықталды. Оның өзі де ұрлыққа қатысы бар екенін жоққа шығармайды", - деді Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.
Күдіктінің тағы басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также