12 қазан 2019 10:44

Алматыда бірнеше ноутбук ұрлаған 20 жастағы қыз ұсталды

Камила Долаева Журналист

Алматыда полицейлер сауда орталығында бірнеше ноутбук ұрлаған қызды ұстады, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер сауда орталығында бірнеше ноутбук ұрлаған қызды ұстады, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде жас қыздың суреті жарияланған болатын, ол бөтен мүлікті жасырын ұрлау арқылы Lenovo маркалы екі ноутбугін алып кеткен, осылайша дүкенге 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ол қылмысты ірі сауда орталығында, электроника және тұрмыстық техника дүкендерінде жасаған", - деді ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????ВОРЫ-МОШЕННИКИ-АФЕРИСТЫ???????? (@vorkz_online) 8 Окт 2019 в 8:23 PDT

"Ұсталған қыздың кім екені анықталды, ол Алматы облысының тумасы, Алматы тұрғыны 1999 жылғы Т. есімді азаматша. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Қыз ұсталды. Қазір тергеу барысында оның ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп түсіндірді Зиадин.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram