Алматыда бірнеше рет көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды

© polisia.kz

Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, алғашқы арыз полицияға 15 қаңтарда түскен. Белгісіз біреу қала тұрғынының Mercedes көлігінен бүйір айналарын ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін тағы үш бірдей хабар түскен.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ол Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы болып шықты. Негізінен ол Mercedes көліктерінің бүйір айналарын ұрлаған. Шамасы, оларды сатуды жоспарлаған. Бүгінде оның 3 ұрлық жасағаны дәлелденді. Басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықталып жатыр", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Реклама
Реклама

Ұсталған ер адамның тұрғылықты жерінен полиция қызметкерлері бүйір айналардың бірнеше жиынтығын тәркіледі.

Анықталған деректер бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама