Алматыда дәрігер 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Тұрар Қазанғапов©

Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты "НеМолчиKz" қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты "НеМолчиKz" қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген.

"Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт", - деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Полицейлер мұндай факт, шынымен де, тіркелгенін растады. Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Тергеу барысында қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Баға беріліп, факт расталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама