Алматыда дәріхана курьері синтетикалық есірткі таратқан

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда дәріхана курьері синтетикалық есірткі таратқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда дәріхана курьері синтетикалық есірткі таратқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны өзін "дәріхана курьері" ретінде таныстырған. Оның айтуынша, өзіне Интернеттен "күнделікті төлем жасалатын дәріханалар желісінің курьері" деген сипаттамамен жұмыс тапқан.

"Шын мәнінде, жас жігіттің қылмыстық ісін зерттеу барысында белгілі болғандай, бұл жасырын іздеу жүйесіндегі бірінші ағын ғана. Әрі қарай жұмыс берушімен байланыс орнату үшін кодтарды пайдалану керек. Ұсталған күні курьер 29 доза есірткі қоюға тапсырыс алған. Алайда ол ұсталды. Қызғылт түсті ұнтақ заты бар байламдар сараптамаға жіберілді, қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар психотроптық болып саналады. Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде соталды тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Реклама
Реклама

Күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сол кезде ол бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная