Алматыда дезинфекция затын заңсыз дайындағандар ұсталды

Кадрлар видеодан

Алматыда ірі көлемде "Септохим" маркалы дезинфекция затын заңсыз дайындау және сату дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда ірі көлемде "Септохим" маркалы дезинфекция затын заңсыз дайындау және сату дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Жедел іздестіру шаралары барысында бұл өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорын кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден аса бөтелке табылып, тәркіленді. Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік "Септохим" маркалы дезинфекция затынан келтірілген материалдық залал сомасы 20 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама