Алматыда дүкендердегі садақа жәшіктерін ұрлаған алаяқ ұсталды

© qmdi.org

Алматыда садақа жәшіктерін қолды еткен адам ұсталды, - деп хабарлайды КТК

Алматыда садақа жәшіктерін қолды еткен адам ұсталды, - деп хабарлайды КТК

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұры дүкендерді аралап өзін қайырымдылық қорының мүшесі ретінде таныстырған. Сөйтіп садақа жәшіктерін алып кетіп отырған. 31 жастағы ер адам бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Бұл жәшіктер көбіне науқас балаларды емдеуге ақша жинау үшін қойылған. Ұры оны алып кетіп өз мақсатына жаратқан. Ол осындай 4 дүкеннен жәшіктерді алып кеткен. Қазір полиция күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды", - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мулинов.

Реклама
Реклама

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама