02 қазан 2024 | 08:23

Алматыда дзюдодан Азия чемпионына қастандық жасауға ірі қарыз себеп болуы мүмкін

©️ ktk.kz

Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы Дамир Исахановқа қастандық жасалу себебі ол екі жыл бойы өз қаржысын қайтара алмай келеді дейді туыстары. Қарызға берген қомақты қаржысын сұрағаны үшін спортшыға қастандық жасалған көрінеді. Полицейлер қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, Исахановқа пышақ сұққан күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы Дамир Исахановқа қастандық жасалу себебі ол екі жыл бойы өз қаржысын қайтара алмай келеді дейді туыстары. Қарызға берген қомақты қаржысын сұрағаны үшін спортшыға қастандық жасалған көрінеді. Полицейлер қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, Исахановқа пышақ сұққан күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға осыдан екі апта бұрын тапа-тал түсте болған. Қаладағы мейрамханалардың біріне қарыз алғандармен сөйлесуге барған спортшы әңгіменің ушыққанын біліп, аулаға шыққан. Көлігіне енді міне бергенде, бір топ ер азамат дзюдошыны қоршап алып, жүрегінің тұсына пышақ сұққан. Дәл осы сәтте оқиға орнында Дамирдің енесі де болған.

"Ұрыс шамамен 5-10 минутқа созылды. Олар боқауыз сөздер айтып, "өлтіремін" деп, бірнеше рет қорқытқан. Мен жүгіріп келгенде, Дамир қанға боялған күйде субұрқаққа құлап кетіпті. Біз осы күнге дейін тергеушінің жұмыс істеп жатқанын көрмедік. Алғашында "күдіктілер ұсталды" деп айтты. Ал келесі күні бәрі тып-тыныш. Мұны тек жеңіл жарақат деп, істі жауып тастаған көрінеді", – дейді Дамир Исхановтың енесі Сәуле Сабырханова.

Реклама
Реклама

Дзюдошының жағдайы қазір бірқалыпты. Ота жасатып, күтініп жүр. Ал 300 мың АҚШ долларын спортшыдан қарызға алып, кейін оған пышақ сұққан күдікті ұсталды. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

"Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақты, толық және объективті қағидатына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Екі жылға созылған дауда қарыз алушылар спортшыға үй сыйлап құтылмақшы болған. Алайда оны да босатып бермеді дейді спортшының енесі. Енді "не үйсіз, не ақшасыз қалдым" деген Дамир істің соңына дейін барғалы отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная