22 тамыз 2022 11:16

Алматыда екі ауруханаға "мина қойылды" деген хабар түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда белгісіз біреулер екі медицина мекемесіне "мина" қойылды деген ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз біреулер екі медицина мекемесіне "мина" қойылды деген ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар қаладағы екі ауруханаға келіп түскен. Жедел қызметтер науқастар мен қызметкерлерді эвакуациялады, көліктер қауіпсіз қашықтыққа шығарылған.

"Қазіргі уақытта қаланың жедел және төтенше қызметтері Алматы аумағындағы екі медицина мекемесінде ақпаратты тексеріп жатыр. Осындай хабарламаларға қатысты алғашқы кешенді шаралар жүргізіліп жатыр, оның ішінде адамдарды эвакуациялау да бар. Оқиға орнында сапер бөлімшелері жұмыс істеп жатыр", - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Реклама
Реклама

Кейін полиция өкілдері тексеру қорытындысы бойынша "бомба қойылғаны" туралы ақпарат жалған болып шыққанын айтты.

"ПД Жедел бақылау орталығы мәліметінше, таңғы сағат 10:57-де екі нысанда жұмыстар тоқталды. Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш құрылғылар табылмады. Медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшіп жатыр. Қазіргі уақытта жедел бөлімшелер аты-жөні белгісіз тұлғаны іздеуге кірісті", - деді ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram