ПОДЕЛИТЬСЯ
15 сәуір 2022 | 11:15
Алматыда ер адам көлік нөмірлерін ұрлап, иелеріне сатпақ болған
Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті 26 жастағы О. есімді азамат болып шықты. Ол - Қарағанды облысынан келген, еш жерде жұмыс істемейді.
"Қаскөйдің Алматыға бір апта бұрын келгені анықталды. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарған. Тұрғын ауданда тұрғын үйлер ауласындағы бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге "сатып алу" туралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды. Сонымен қатар, ер адамның шаһардың басқа жерлерінде тіркелген қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды", - деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.
Күдікті мұндай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также