Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған. Полиция бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған. Полиция бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде ер адамның полициямен сөйлесіп тұрғанын және оның көлігіне тінту жүргізілгені түсірілген видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, ер адам баланы балабақшаға әкелген, бірақ күзетші оны кіргізгісі келмеген. Содан кейін ол тапаншамен қорқыта бастаған. Күзетшілер полиция шақырған.

Полиция департаменті бұл оқиғаны Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркегенін хабарлады. Полиция ер адамның көлігіндегі тапанша газбен екенін және ресми рұқсаты бар екенін анықтады.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама