Алматыда ер адам үйінің терезесінен оқ жаудырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласында мас ер адам үйінің терезесінен оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласында мас ер адам үйінің терезесінен оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адамның пәтер терезесінен оқ атқаны туралы хабарға дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы аттанған.

Реклама
Реклама

"Нәтижесінде, 1959 жылы туған ер адам ұсталды. Оның алкогольді масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқаны белгілі болды.

Зардап шеккендер жоқ.

Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама