1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс
Реклама
Реклама

Алматыда ер адамды ұрып-соғып, тонау сәті видеоға түсіп қалған

Алматыда тонау қылмысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

видео кадры

Алматыда тонау қылмысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленуші қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Ер адам үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреулер оған күтпеген жерден шабуыл жасап, ұрып-соғып, қолындағы ноутбук пен ақшасы бар сөмкесін тартып алғанын айтты. Күдіктілер ұсталды. Қарақшылық шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Реклама
Реклама

"Күдіктілер – 26 және 34 жастағы азаматтар. Жауап алып, беттестіргеннен кейін олар өз кінәларын мойындады. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Батуржан Абдумасаров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!