ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2022 | 18:00
Алматыда ер адамның шабуылынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы айтылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ер адам шабуылынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ер адам шабуылынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зардап шеккендер №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Науқас С. 23 жаста, көкірек пен құрсақ қуысына зақым келген. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты, ауыр. Науқас Х. 52 жаста, аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа, динамикада нашарлау жоқ. Стационарлық ем қабылдап жатыр", - деді Қалалық денсаулық сақтау департаменті қызметкерлері.
Айта кетейік, Алматыда пышақ ұстаған ер адам әйелге шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Куәгерлердің бірі көршісі әйеліне 11 рет пышақ сұққанын хабарлаған. Себебі әйел оған баласын көрсеткісі келмеген.
Кейін Ұлттық гвардия сержанты екі әйелге пышақпен шабуыл жасаған ер адамды ұстады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также