07 қараша 2020 11:20

Алматыда ерлі-зайыпты казиноны заңсыз ашқан

© elements.envato.com

Алматыда ерлі-зайыпты казиноны заңсыз ашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ерлі-зайыпты казиноны заңсыз ашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтарға қатысты соталды тергеу амалдарын аяқтады.

Реклама
Реклама

"Алматы қаласының тұрғындары - ерлі-зайыпты бірлесе заңсыз ойынхана қызметін ашып, жұмыс істеп келген. Аталған ойынхананы заңда көрсетілген жерден тыс жерде ұйымдастырғаны анықталды.

Тексеріс барысында заңсыз жұмыс істеп келген электрон ойынхананың қызметі әшкереленіп, ол жерде ойыншылар мен жұмысшылар болғаны анықталды. Тінту кезінде 18 процессор, 19 монитор және кассадан 170 000 теңгеден астам қаражат тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған қылмысты ұйымдастырушылар Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша жауапқа тартылып, оларға 2 жылға дейін мерзімдегі бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram