30 шілде 2024 09:00

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтіріп, үйімен өртеп жіберген

depositphotos.com/көрнекі сурет

Алматыда жекеменшік үйдегі өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жекеменшік үйдегі өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтыс болғандар қарт ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер ер адам өртке дейін қаза тапқан. Әйелінің өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram