Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды

Фото: ЖИ

Алматы қаласында тұрғын үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел қамауға алынды. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше оқиға 27 қараша күні болған.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр" делінген ПД мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама