23 қараша 2018 12:02

Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды

© Алматы қалалық Полиция департаменті

Алматыда ХҚКО-лардың бірінде кезекті жеделдету үшін ақшалай сыйақы алған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ХҚКО-лардың бірінде кезекті жеделдету үшін ақшалай сыйақы алған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар арнайы жедел іс-шара барысында азаматтарды кезексіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы алып отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерін ұстаған болатын.

Реклама
Реклама

"Қызметкер кезекті жеделткені үшін 7 мың теңге алған. Ол бірден сол жерде ұсталды. (...) Бірнеше қызметкердің осылай ақша алып отырғаны анықталды - 5 000 - 15 000 теңге аралығында. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша ("Заңсыз сыйақы алу") Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Cондай-ақ, Алатау ауданының полицейлері қылмыстық іс материалдарының үш күн ішінде сотқа жолданатынын айтып өтті.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram