26 тамыз 2020 10:47

Алматыда жалған ақша жасағандар сотталды

Дәурен Ерболат Журналист
Скрин видео

Алматыда жалған ақша жасаған цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жалған ақша жасаған цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері екі адамнан құралған қылмыстық топты анықтаған. Олар жалған ақша жасаумен айналысқан. Күдіктілер қалада және облыста жалған 10 000 теңге жасап, оны сатқан.

Реклама
Реклама

Пәтерді тінту барысында жалған ақша жасайтын құрал, ноутбук, принтер, ерекше белгісі бар арнайы қағаз, бояу толы құты, екі жағында 10 000 теңге бейнеленген цифрлық файлдар, банкноттар мен ою-өрнек бейнеленген фольга ленталары, кеңсе заттары, 220 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркілеген.

Сот үкімімен күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жалған ақша жасайтын цехты ашқандардың бірі 5 жылға, екіншісі 3,5 жылға сотталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram