02 желтоқсан 2021 11:48

Алматыда жалған пәтерлерді жалға берген риелтордың әрекеті әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Полицейлер Алматыда жалған пәтерлерді жалға берген әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматыда жалған пәтерлерді жалға берген әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу аудандық полиция бөлімінің мәліметі бойынша, А. есімді азаматша пәтерді нарықтағы бағадан төмен бағаға жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған.

"Ол клиенттермен кездесіп, жалға беру шартын жасаған. Сонымен қатар, ол жөндеу жұмыстарына байланысты клиенттерге пәтерді көрсете алмайтынына сендірген. Жүз пайыз төлемді алғаннан кейін әйел байланысқа шығуын тоқтатқан. Күдікті қамауға алынды. Біздің бөлімшеде алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Істі қарау барысында оның кем дегенде осыған ұқсас тоғыз дерекке қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асты", – дейді Жетісу аудандық ПБ бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Реклама
Реклама

Тергеу кезеңінде ұсталған тұрғынға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram