06 мамыр 2016 11:55

Алматыда жас жігіт таныс қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жас жігіт өзінің таныс қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жас жігіт өзінің таныс қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының қызметкерлеріне белгісіз ер адамның жалдамалы пәтерде таныс қызына жыныстық қызмет көрсеткені үшін ақшалай сыйақы беретіні туралы хабар келіп түскен.

"Жүргізген жедел іс-шаралар барысында бұл ақпарат расталды. Күдікті ұсталып, "Жезөкшелікпен айналысуға тарту" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалдамалы пәтер Төле би даңғылы бойындағы үйлердің бірінде орналасқан. Сол пәтерде ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы Талғар ауданының 19 жастағы тұрғынын тапты. Қазір ол сотқа дейінгі тергеуге қатысты түсінік беріп жатыр. Тергеудің нәтижесі арқылы қылмыстың басқа да мән-жайы белгілі болады. Сонымен қатар, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, сексуалдық мәндегі психологиялық қысым көрген жәбірленушіге алдағы уақытта психолог мамандардың көмегі көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети