08 қаңтар 2021 14:25

Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер қылмыс 8 қаңтарға қараған түні қаланың Алмалы ауданында болғанын айтты. Жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Реклама
Реклама

"2005 жылғы кәмелетке толмаған бала жанжал кезінде анасына бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды. Салдарынан әйел қайтыс болды.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баламен психологтардың көмегімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Алдын ала мәлімет бойынша, балада психикалық бұзылу белгілері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram