10 шілде 2020 09:41

Алматыда жасырын жұмыс істеген сұлулық салоны әшкере болды

Фото: © almaty.tv

Алматыда қатаң шектеуге қарамастан сұлулық салоны заңсыз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қатаң шектеуге қарамастан сұлулық салоны заңсыз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Сұлулық салоны Алмалы ауданында жұмыс істеген. Ондағы қызметкерлер клиенттерге жеке қорғаныс құралдарынсыз қызмет көрсетіпті.

Реклама
Реклама

"Салонда санитариялық ережелер сақталмаған. Біз бұл заң бұзу дерегі бойынша хаттама толтырдық. Іс қала әкімдігіне жіберілді", - дейді Алмалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Әсия Қуанышова.

Сұлулық салонының қожайыны айыппұл төлеп, бизнесін тоқтатты. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram